Жаңа алаңдардағы сайыс
21-24 сәуір аралығында Теміртауда мектеп оқушылары арасында «Қазақстан халқына» қорының кубогы» атты қалалық футбол турнирі өтті. Жарыс қала мектептері оқушыларының дене шынықтыруын дамыту жөніндегі қайырымдылық бағдарламасы аясында салынған заманауи спорт алаңдарында ұйымдастырылды.