Цехтан футбол алаңына дейін
Хабарымыздың кейіпкері инженердің каскасын футбол добына айырбастап, бала кезгі арманын қаладағы футбол саласын басқарудың кәсіби мансабына айналдырды. Бүгінде ол «Жауыртау» МКҚК спорт бөлімін, сондай-ақ Владимир Асылбаев атындағы футбол орталығының Теміртау филиалын басқарады. «Біздікілерді таны!» айдарында — футбол жаттықтырушысы Марат Миндубаев.