Теміртауда «Бір түп алма ағашы» спектаклінің премьерасы өтті
Теміртауда айтулы премьера өтті. Балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында Дунай Еспаевтың «DAT» тәуелсіз театры Әлімбек Оразбековтың классикаға айналған «Бір түп алма ағашы» драмасын ұсынды. Қойылымда қалалық мәслихат депутаты Баян Мамитова басты рөлдердің бірінде өнер көрсетті. Отбасылық құндылықтарды арқау еткен туынды жергілікті жұртшылықты бейжай қалдырмады.