«Оқжетпес-Т» ЖШС қарыз үшін коммуналдық қызметтерді өшіруде


Теміртауда коммуналдық қызметтер үшін қарызы бар тұлғаларға қатысты шаралар қайта қолға алынды. Берешекті төлемегені үшін «Оқжетпес-Т» ЖШС жеке сот орындаушыларымен бірлесіп, абоненттерді ыстық, суық судан және кәріз жүйесінен ажыратуда.