«Өрт-2026»: отпен күресуге дайын
Теміртауда «Өрт-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өз мәресіне жетті. 28-29 мамыр аралығында қалалық азаматтық қорғау қызметтері табиғи өрттер кезіндегі іс-қимылдарды пысықтады. Практикалық кезең құлақтандыру жүйесін тексеруден басталды — қала көшелерінде сирена дабылы беріліп, кейін негізгі күштер Пригородное орман шаруашылығына шоғырланды.