Депутатпен кездесуден кейін «Оқжетпес-Т» құбырды жөндеді


Момышұлы даңғылы, 25 мекенжайында №4 округ тұрғындарының депутат Алёна Хегаймен кездесуі өтті. Қала тұрғындарын мазалаған мәселелердің бірі коммуналдық желілерге қатысты болды — мұнда ұзақ уақыт бойы құбырдан су ағып тұрған. Алайда, бұл жағдай халық қалаулысы араласқаннан кейін ғана өзгерді.