№9 округ депутаты: Металлург әрі депутат


Көрікшіден қалалық мәслихат депутатына дейін. Теміртауда халық қалаулыларымен таныстыру шарасы жалғасуда. Бүгінгі кейіпкеріміз — Ақан Еспотаев. Ол қарапайым жұмысшыдан бастап, комбинаттың өндіріс бастығына дейінгі жолдан өтіп, бүгінде қала өміріне белсене араласып жүрген жан.