«Асқақтай бер, Астанам»


Астана күніне орай қалалық мәдениет және демалыс саябағында мерекелік концерт өтті. «Шығыс» мәдениет және демалыс саябағында қала тұрғындары мен қонақтарына Астана күнін мерекелеуге арналған концерттік бағдарлама ұсынылды. Шарада Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің «Арай» және «Әуен» шығармашылық ұжымдары музыкалық нөмірлерімен өнер көрсетті. Бағдарламаға ұлттық және эстрадалық музыка туындылары енді.