Теміртауда жасөспірімдерді көпшілікті күлдіруге үйретеді
Адамды күлдіру де — үлкен өнер, оны да үйренуге болады. Теміртауда алғаш рет «Jastar Humor Camp» жастар лагері ашылмақ. Бір апта ішінде жасөспірімдер өздерін әзіл авторы, актер және КВН ойыншысы ретінде сынап көреді. Жоба қорытындысы бойынша олар сахнада алғашқы үлкен өнерлерін көрсетеді.