Депутат бастамасымен ұйымдастырылған спорттық челлендж Теміртауда жалғасуда
Теміртауда қалалық мәслихат төрағасы Алексей Ломакиннің бастамасымен «Біз есірткіге қарсымыз!» ауқымды акциясы аясында басталған «30 күн бойы таңғы жаттығу» челленджі жалғасуда. Спорттық марафонның кезекті он алтыншы күнін ұйымдастырушылар ерекше форматта өткізді — қатысушылар үшін қарқынды спорттық-би жаттығуы дайындалды.