Теміртауда «Шолпы» ансамблінің алғашқы түлектер концерті өтті
Теміртау мәдениет сарайында «Шолпы» би ансамблі үшін ерекше кеш өтті. Ұжым тарихында алғаш рет мұнда түлектердің қоштасу концерті ұйымдастырылды. Биыл сахнамен бірден 13 өнерпаз қоштасты. Дегенмен, бұл кеш тек қоштасумен шектелмеді — концерт қайырымдылыққа арналып, билеттерден түскен барлық қаржы ансамбль мүшелерінің бірінің анасын емдеуге бағытталады.