Теміртауда Қазақстандағы алғашқы ҰҰА операторларын даярлау орталығы ашылды


Теміртауда Жоғары политехникалық колледж негізінде «DRONE SCHOOL» пилотсыз ұшу аппараттарының операторларын даярлау орталығы ашылды. Мұнда ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, геодезия және басқа да салаларға арналған дрондарды басқаруды үйретеді. Бұл — Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы базасында ашылған алғашқы осындай орталық.