Оң жақ жағалау: газ келді, енді жолдар асфальт күтуде
17-ші депутаттық округ тек Ақтау кентімен шектелмейді. Оның екінші бөлігі — Теміртаудың Оң жақ жағалауы. Соңғы жылдары мұнда жаңа коммуникациялар тартылып, газдандыру жұмыстары аяқталуға жақындады. Дегенмен, тұрғындарда инфрақұрылым мен абаттандыруға қатысты сұрақтар әлі де бар. Аудандағы өзекті мәселелер мен атқарылып жатқан жұмыстар жайлы келесі бейнесюжетте.