ҚарИУ Білім күнінде бірінші курс студенттері мен 50 жылдық түлектерін біріктірді
Біреулер үшін бүгін студенттік өмір енді басталса, екіншілері үшін — университет аяқтағанына 50 жыл толған күн. Қарағанды индустриялық университетінде Білім күні бірнеше буын студенттері мен түлектердің басын қосты. Бұл оқу жылында оқу орны мыңнан астам бірінші курс студентін қабылдады, олардың қатарында Әзербайжан және өзге де шет мемлекеттердің азаматтары бар.