Үлгі тұтарлық отбасы — Мұса шаңырағы
7 қыркүйектен бастап Отбасы күніне арналған апталық басталды. Апталық аясында сіздерді Теміртау қаласының отбасыларымен таныстырамыз. Олар өздерінің өнегелі үлгісімен отбасылық құндылықтардың маңыздылығын көрсетіп келеді. Бүгін біз сіздерге Теміртау қаласының тұрғыны Бақытхан Мұса отбасын таныстырамыз. Бақытхан Мұса отбасы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңіне қатысып, байқау қорытындысы бойынша қаламыздың атынан облыстық кезеңде өнер көрсетті.