«Ашық терезе балаға қауіпті»: құтқарушылар профилактикалық жұмыстарды жүргізуде
Ішкі саясат бөлімі Теміртау қаласының құтқарушыларымен бірлесіп, балалардың терезеден құлауын алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жыл басынан бері қалада осындай жеті оқиға тіркелген. Кезекті қайғылы жағдайларға жол бермеу үшін ТЖБ қызметкерлері ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, терезелерге арнайы блокираторлар орнатуда, сондай-ақ тұрғын үйлердің жанында ескерту жазбаларын қалдыруда.
Комментарии