Демалыс күндері Оң жағалауда екі өрт болды
Оң жағалау тұрғындары үшін бұл демалыс күндері түнгі үрейлі дабылдармен басталды. Теміртауда екі күн ішінде екі өрт тіркелді. Шаруашылық құрылыстар, үйлердің шатыры мен автокөлік отқа оранды. Адамдар зардап шеккен жоқ, бірақ екі жағдайда да құтқарушыларға ғимараттардан газ баллондарын алып шығуға тура келді.