Теміртауда есірткі граффитилері өшірілуде
Қарағанды облысында бір күн ішінде мыңнан астам есірткі граффитиі өшірілді. Рейд бір мезгілде Теміртау, Қарағанды және Балқаш қалаларында өтті. Теміртауда полиция қызметкерлері студенттермен және еріктілермен бірге көшеге шықты. Олар есірткі дүкендерінің мекенжайлары мен сілтемелері жазылған жазуларды іздеді.