Теміртауда бір күнде 21 балалар ойын алаңы ретке келтірілді


Теміртауда балалардың ойын алаңдарын күтіп ұстау және абаттандыру жұмыстары жалғасуда. 29 қыркүйекте мамандар бірден 21 нысанда жұмыс жүргізді.

19 алаңда аумақ пен іргелес учаскелер қоқыстан тазартылды. Тағы екі нысанда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары орындалып, соның ішінде шөп жабыны ауыстырылды.

Қалалық әкімдік балалар алаңдарын күтіп ұстау, абаттандыру және қалпына келтіру жұмыстары жоспарлы түрде жалғасып жатқанын атап өтті.