Теміртауда ұлттық мәдениеттер фестивалі өтті


Теміртауда оқушылар ұлттық мәдениеттер фестивалінде әртүрлі халықтардың дәстүрлерін таныстырды. Қатысушылар көрермендерді әдет-ғұрыптармен, әуендермен және билермен таныстырып, үздік атану үшін бақ сынасты. Мақсаты — қала мәдениетінің қаншалықты әралуан екенін көрсету және халықтар арасындағы достықты сақтаудың маңыздылығын ұғындыру.