Гүлзарлар мен көгалдандыру: Сапар Сатаев Теміртаудың болашақ келбеті туралы айтып берді
Абаттандыру кезінде ағаштарды кесу мәселесі Теміртауда әлі де ең көп талқыланатын тақырыптардың бірі болып отыр. БАҚ өкілдерімен кездесуде қала әкімі Сапар Сатаев шаһардағы гүлзарларды қалай түрлендіру жоспарланғанын және кейбір ағаштарды неліктен отауға тура келетінін түсіндірді.