Теміртаудың келбетін жаңартпақ


Теміртауда қаланы абаттандыру тәсілін түбегейлі өзгертпек. Қала әкімі Сапар Сатаев ғимараттардың, маңдайшалар мен қалалық ортаның сыртқы келбетіне бірыңғай талап енгізетін дизайн-код қабылдау жоспарланғанын мәлімдеді. Тағы бір маңызды бағыт — жағалауды дамыту және Самарқанд су қоймасының жағасында заманауи демалыс аймағын құру.