Теміртауда қоқыс құбырлары біртіндеп жабылады


Теміртаудағы көпқабатты үйлерде қоқыс құбырларынан біртіндеп бас тарту жоспарланып отыр. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен кездесуде қала әкімі Сапар Сатаев мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай өзгерістер заңнамада қарастырылған және бұл қадам бірқатар коммуналдық мәселелерді, соның ішінде кеміргіштермен күресті шешуге ықпал етуі тиіс.