Теміртаудың Оң жағалауында апаттық өшулер саны сегіз есеге азайды


Оң жағалауда неліктен жиі жарық өшеді? Кедергілердің себебі неде, жаңа электр беру желілері неліктен бұл мәселені әлі шеше алмай жатыр және тұрғындар желіге шынымен заңсыз қосылып отыр ма? Редакциямызға осындай сұрақтармен теміртаулықтар хабарласқан болатын. Біз «Темиртау РЭС» ЖШС-не ресми сауал жолдап, бүгін жауап алу үшін кәсіпорынға арнайы бардық.