Теміртауды газдандыру барысы аппараттық кеңесте талқыланды


Теміртау әкімдігінде қаланы газдандыру мәселесі талқыланған аппараттық кеңес өтті. 2020 жылы басталған жоба аяқталып, 5 900-ден астам үй табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие болды. Десе де, «көгілдір отынмен» бірге бірқатар коммуналдық мәселелер де бой көрсетті.