Танк қалады: Теміртау әкімі 9-шы ықшамаудан тұрғындарына түсініктеме берді
Теміртаудағы 9-шы ықшамауданда орналасқан танк тұрған жерінде қалады. Кеше тұрғындар МЖК ауласында 35 жылдан астам уақыт бойы тұрған металл конструкцияның бөлшектеуіне қарсы шыққан болатын. Бүгін қала әкімі жағдайға қатысты жеке өзі түсініктеме беріп, танкті бұзу туралы ешқандай шешім қабылданбағанын және жоспарда жоқ екенін мәлімдеді.