Теміртауда Абай күні қалай атап өтілді


Абай күніне орай Теміртауда «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» атты ерекше жылжымалы концерт өтті. Мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдары бір сахнамен шектеліп қалмай, қала тұрғындарының өзіне барып, әдеттегі қалалық орындарды мерекелік алаңдарға айналдырды.