Иммундау апталығы жалғасуда
27 сәуір мен 3 мамыр аралығында Қазақстанда Еуропалық иммундау апталығы өтті. Осы апта аясында Теміртау қаласындағы №4 емханада балалар арасындағы өлең оқу байқауы ұйымдастырылды. Байқауға медицина қызметкерлерінің және пациенттердің балалары қатысып, денсаулық пен вакцинацияның маңыздылығы туралы өлеңдер оқыды.
Еуропалық иммундау апталығы — бұл жыл сайын өткізілетін акция. Оның мақсаты — халыққа вакцинацияның ұлт денсаулығы үшін маңызын еске салу. Апта бойы емханалар мен медициналық мекемелерде екпеге деген сенімді арттыруға бағытталған ағартушылық шаралар ұйымдастырылады.
Марина Спрыжкова, №4 емхананың ана мен бала денсаулығын қорғау қызметінің жетекшісі: «Вакцинация — денсаулық сақтаудағы ең маңызды әдістердің бірі. Ол бүкіл әлемде жұқпалы ауруларға қарсы күрестегі тиімді, үнемді және қолжетімді құрал ретінде мойындалған».
Сахнада — жас ақындар. Олар өз өлеңдерінде денсаулықты, екпенің маңызын, өзіңе және жақындарыңа қамқор болу қажеттігін жырлайды. иммунопрофилактика — тек дәрігерлердің ғана емес, қоғамдағы әр адамның ортақ жауапкершілігі.
Людмила Ким, Теміртау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау және бақылау бөлімінің басшысы: «Бүгінде медицина қауымдастығы балаларын вакцинациялаудан бас тартатын ата-аналар санының артуына алаңдаулы. Балалар өз өнерлері арқылы қатарластарына және ересектерге, денсаулықтың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Ал салауатты өмір салтының бір маңызды бөлігі — вакцинация».
Іс-шара соңында жас қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Мұндай шаралар медицина қызметкерлерін, ата-аналар мен балаларды біріктіріп, денсаулық — бәрімізге ортақ құндылық екенін еске салады.
Комментарии