Ерліктерді ұмытпау үшін
Оң жағалау тұрғындары Ұлы Отан соғысына қатысушылардың естелігін құрметтеп, олардың зираттарын ретке келтіру туралы бастама көтерді. Бұл игі іске волонтерлер мен қалалық мәслихат депутаттары қолдау көрсетті.
Оң жағалау тұрғындары Ұлы Отан соғысының ардагерлерін еске алу және олардың бейіттерін жөнге келтіру бастамасын көтерді. Оларды волонтерлер мен Теміртау қалалық мәслихатының депутаттары қолдады.
Мұндай бастамалар қоғамымыз үшін өте маңызды. Бұл тек естелік емес, бұл – жеке жауапкершілік пен тарихқа, ерлікке деген құрмет. Теміртау қалалық мәслихатының депутаттары Алексей Ломакин мен Максим Хохлов және «Шанырақ» волонтерлік орталығының жастары Ескі қаладағы зиратты таңдады.
Ұлы Отан соғысына қатысушылардың зираттарын абаттандыру – бұл жеңіс әкелген ұрпақтың ерлігі мен төзімділігін құрметтеу ғана емес, болашаққа деген қамқорлық.
Комментарии