fbpx

Жеңіс таксиі


Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Теміртауда ауқымды іс-шаралар жоспары жүзеге асырылды. Жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл қою рәсіміне жыл сайын тыл еңбеккерлері мен қарттар көптеп келетіндіктен, қалада ардагерлер мен зейнеткерлерді үйлеріне жеткізуге арналған «Жеңіс таксиі» ұйымдастырылды.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Теміртауда ауқымды мерекелік жоспар жүзеге асырылды. Ескерткішке гүл қою рәсіміне тыл еңбеккерлері мен зейнеткерлер жиі келетіндіктен, қалада «Жеңіс таксиі» қызметі іске қосылды. Бұл қызмет іс-шара аяқталған соң егде жастағы адамдарды үйлеріне дейін тегін жеткізді.

Руслан Қожекенов, «Теміртау қаласының Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры: «Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Теміртау жастары “Жеңіс таксиі” деп аталатын бастаманы қолға алды. Бұл бастама 9 мамыр күні, қаланың бас алаңында гүл қою рәсімімен қатар жүзеге асты. Осы ерекше күні біз тыл еңбеккерлері мен зейнеткерлерді барлық мерекелік шаралардан кейін үйлеріне тегін жеткізіп саламыз. Бұл – жастардың атынан білдірілетін алғыс пен қамқорлық».

9 мамыр күні «Жеңіс таксиі» акциясы аясында Теміртауда 10 көлік қызмет көрсетті. Қызметті алдын ала тапсырыс берудің қажеті болмады. «Шаңырақ» орталығының еріктілері алаңда жүріп, жасы үлкен кісілерге тегін такси қызметін ұсынды.

Айгерім Байбекетова, белсенді: «Теміртау жастары атынан осы акцияға қатысып жатырмын. Бұл шара – біз ардагерлер үшін істей алатын ең қарапайым, бірақ маңызды көмек деп ойлаймын. Бұл Жеңіс күнін атап өту кезінде ардагерлерге жайлы жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылды».

Ұлы Жеңіс күніне деген ерекше құрмет – бұл жастар бойындағы патриоттық рухтың, олардың ата-аналары мен мұғалімдері сіңірген тәрбиенің айғағы. Жеңіс күнімен құттықтаймыз!

 

 

Комментарии

Ответить

Вы должны войти, если хотите оставить комментарий.

Войти с помощью: