Біз есімізде сақтасақ – олар тірі
Ешбір батыр ұмытылмайды, ешбір ерлік жадымыздан өшпейді. 9 мамыр күні Теміртауда Жеңістің 80 жылдығына арналған мазмұнды мерекелік бағдарлама өтті. Қала тұрғындары тағы да «Бейбітшілік үшін рахмет!» деп айту үшін жиналды.
Теміртау қаласында Гагарин алаңындағы орталық арка маңында мазмұнды концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Екінші дүниежүзілік соғыс майдандарында шайқасқан қазақстандықтардың ерлігіне алғыс пен құрмет сөздері айтылды. Екі сағат бойы сахнадан жүрекке жететін майдан әндері шырқалды. Көрермендерге соғыс батырларына арналған театрландырылған
Ерекше назар қазақстандық батырлардың – Нұркен Әбдіров, Талғат Бигелдинов, Хиуаз Доспанова, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Рақымжан Қошқарбаев пен панфиловшылардың ерліктеріне арналды. Олардың ерлігі – ержүректік пен отанға деген сүйіспеншіліктің үлгісі.
Мерекелік шара әр жастағы тұрғындарды біріктіріп, бейбітшіліктің құны мен тарихи жадының маңызын тағы бір еске салды.
Комментарии