fbpx

Теміртауда тыл еңбеккерлерін ұлықтады


Теміртауда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Президентінің атынан мерейтойлық медальдар табысталды. Ардагерлер мен тыл еңбеккерлері қалалық мәслихат депутаттарынан Жеңіске қосқан үлестері үшін құттықтаулар мен алғыс сөздерін қабылдады.

Кездесу жылы әрі шынайы атмосферада өтті. Ардагерлерді Теміртау қалалық мәслихатының депутаттары Сергей Урываев, Алексей Ломакин және №4 сайлау округінің депутаты Алёна Хегай құттықтады. Кәсіпкерлермен бірге олар ардагерлерге естелік медальдар мен сыйлықтар тарту етіп, Ұлы Жеңіске қосқан өлшеусіз үлестері үшін алғыстарын білдірді.

Сергей Урываев, Теміртау қалалық мәслихатының депутаты: «Біз «AMANAT» партиясы фракциясының депутаттық корпусы ретінде бұл — өте маңызды миссия деп санаймыз. Яғни, сол естелікті сақтау және нағыз қаһармандарды, біздің қаламыздың тыл еңбеккерлерін құрметтеу. Бүгін кәсіпкерлермен бірге осы қадірлі жандарға барынша көңіл бөлуге тырыстық. Әрине, бір жағынан, олардың жасы мен денсаулығына қарап, көңілің құлазиды. Бірақ біздің басты міндетіміз — солар жайлы естелікті сақтау және барынша қолдау көрсету. Өйткені олар Ұлы Отан соғысы жылдарында Ұлы Жеңісті бірге жасаған жандар».

Бұл шараға бизнес өкілдері де атсалысты. Villa мейрамханасы тек ардагерлерді құттықтап қана қоймай, арнайы мерекелік дастарқан жайды. Қызметкерлерінің айтуынша, бұл — болашақ ұрпаққа бейбіт аспан сыйлаған жандарға білдірген алғыстарының белгісі.

Анастасия Равлюк, Villa мейрамханасының қызметкері: «Мейрамхана қалалық акцияға қатысып отыр. Жеңістің 80 жылдығына орай біз тыл еңбеккерлерін және барлық ардагерлерді осы тамаша мерекемен құттықтаймыз. Бейбіт аспан, болашағымыз бен балаларымыз үшін оларға алғыс білдіргіміз келеді».

Тыл еңбеккерлері келген қонақтарға алғыс айтып, сәттілік тіледі.

Комментарии

Ответить

Вы должны войти, если хотите оставить комментарий.

Войти с помощью: