Автовокзалда тәртіп орнай ма?
Қаланың басты көлік нысандардың бірінде тәртіп орнатылмақ.
Қалалық автовокзалдың жағдайы әкімдікте өткен кезекті жиынның басты тақырыптарының бірі болды. Күн сайын жүздеген жолаушы өтетін бұл нысан қазіргі таңда қанағаттанарлықсыз күйде.
Гульнара Мукатова, автовокзал директоры: «Біздің автовокзал алдындағы аумақ 20 жыл бойы жалға берілген. Жалға алынған жер аяқталған соң, ары қарай бос жер басталады. Барлық автобустар сол жаққа барып тоқтайды. Бірақ мәселе тек біздің автобустарда емес — ол жерге қалалық автобустар да келеді. Олардың өз кестесі бар, араларында минут сайын алмасып тұрады. Автобустар жол жиегі бойына тізіліп тұрады. Өзім бірнеше рет бұл жағдайды видеоға түсіріп, жүргізушілермен сөйлесіп, кезекші мамандарға жүгіндім — қандай да бір шара қолданылуы үшін. Себебі жол жиегінде тұрған әр автобустан рейс барысында жиналған қоқыс сыртқа тасталады».
Жиын барысында әкімдік, коммуналдық қызметтер мен жолаушылар көлігі басқармасының өкілдері жағдайды қалай ретке келтіру керектігін талқылады. Қала әкімі қазіргі жағдайдың орынсыз екенін атап өтіп, мәселені қысқа мерзімде шешуді тапсырды. Қазіргі таңда автовокзал ғимараты жеке кәсіпкердің жалдауында, алайда келісімшарттағы нысанды ұстау талаптары орындалмай отыр.
Ғалым Әшімов, Теміртау қаласының әкімі: «Мен сенбі күні бұл іске араласуға мәжбүр болдым, өйткені қоршаудан бастап 5 метр санитарлық аймақ болуы керек — бұл сіздердің жауапкершілік аймағыңыз. Коммуналшы ретінде, шаруашылықты түсінетін адам ретінде айтамын: кеше қоқыс тазаланса да, бүгін қайтадан ластанып үлгерген. Ал кейбір жерлерде қоқыс жылдар бойы жиналғаны анық — бұл жерде жатқан қоқысқа 2–3 жыл болған».
Мәселені шешу үшін қала сәулеті және абаттандыру бөлімі де тартылады. Олар автовокзал ғимараты мен оған іргелес аумақты бірыңғай қалалық стандартқа келтіру жұмыстарын жүргізеді. Жиын қорытындысы бойынша әкім осы айдың соңына дейін толық іс-қимыл жоспарын — заңдық рәсімдерден бастап жаңарту бойынша сәулеттік тұжырымдамаға дейін — дайындауды тапсырды. Жақын арада нысанда тексерістер мен бастапқы жөндеу жұмыстары басталады.
Комментарии