Мектеппен қоштасар сәт жақын
Салтанатты сәтке санаулы күн қалды. Бірақ бұл жолы мектептерге қатаң шектеулер қойылды.
Қарағанды облысының мыңдаған оқушысы үшін оқу жылы аяқталуға жақын. Биыл соңғы қоңырау 23–24 мамырда соғылады, ал мектеп бітіру кештері 18–20 маусым аралығында, аттестат табысталғаннан кейін өтеді.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұсынысына сәйкес, мектептерде оқу жылы 23 мамырда аяқталады. 11-сынып оқушылары үшін бұл күндер – балалықпен қоштасып, ересек өмірге қадам басатын маңызды кезең.
Биыл мектеп әкімшілігіне бірқатар шектеулер ескертілді. Ата-аналардан ақша жинауға, аниматорлар мен агенттіктерді жалдауға, көлік жалдап кортеж ұйымдастыруға тыйым салынған. Бұл — педагогикалық этиканы сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында қабылданған шаралар.
Комментарии