fbpx

Патриоттық рух алаңы


Теміртауда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери-патриоттық ойындар өтті.

Теміртауда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери-патриоттық ойындар басталды. Таңертеңнен бастап «Металлург» стадионында қаланың үш мектебінен келген жас қатысушылар жиналды. Жарыс басталар алдында — салтанатты сапқа тұру, әнұранды орындау және ұйымдастырушылардың құттықтау сөздері айтылды.

Ербол Сейдахмет, «Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ әдіскері: «Бұл іс‑шараны Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі ұйымдастырып отыр. Осындай тәрбиелік мәні зор іс‑шараны өткізгенімізге өте қуаныштымыз. Басты мақсатымыз – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен бірлікті сіңіру, батыр бабаларымыздың ерлігін үлгі ету».

№22, №12 және Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-лицейінің оқушыларынан құралған командалар жарыстың барлық тапсырмаларын шынайы жауынгерлікпен өтті. Іс-шара соңында жеңімпаздар дипломдармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай ойындар жақсы дәстүрге айналып, жастардың патриоттық тәрбиесіне өз үлесін қосады.

 

Комментарии

Ответить

Вы должны войти, если хотите оставить комментарий.

Войти с помощью: