fbpx

Металлургтер даңғылын су басты


Теміртаудағы Металлургтер даңғылы алғашқы жауыннан кейін-ақ су астында қалды. Жаңбыр суын ағызу жүйесі неге істемей қалды? Бұл жағдай қайталанбай ма – жауапты мамандардан сұрап көрдік.

Теміртау тұрғындарын жергілікті интернет-пабликтердегі жарияланымдар алаңдатты. Жазылушылар жолдың жауын суына толып кеткенін көрсететін видеолар жолдаған. Теміртау қаласының билігі тұрғындарға түсініктеме беріп, неліктен мұндай жағдай болғанын және жаңбыр суын ағызу жүйесінің ақаусыз жұмыс істеуі үшін қандай шаралар қабылданатынын түсіндірді.

Ринат Қыдырбеков, Теміртау қаласы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары: «Алғашқы жауын ТҮКШ қызметкерлеріне болашақта мұндай жағдайды болдырмау үшін қандай шаралар қолдану қажет екенін көрсетті. Металлургтер даңғылының қайта құру жұмыстары аяқталған соң, мұндай мәселелер болмауы тиіс».

Нөсер жүйесіне қатысты мәселе шешімін тапты, ал Металлургтер даңғылының қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда.

Комментарии

Ответить

Вы должны войти, если хотите оставить комментарий.

Войти с помощью: