fbpx

2024 жылғы бюджеттің орындалу қорытындылары


Теміртауда 2024 жылғы қалалық бюджеттің орындалу қорытындылары шығарылды. Жылдық есеп қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралды. Толығырақ — келесі бейнематериалда.

Теміртауда 2024 жылғы қалалық бюджеттің орындалу қорытындылары шығарылды. Барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша тікелей нәтижелерге қол жеткізу көрсеткіші 97,2%-ды құрады, ал шығыстар бойынша бюджет 98%-ға орындалды. Бюджеттік бағдарламаларды орындау тиімділігі 99,2% деңгейінде болды.

Айман Сыдыкова, Теміртау қаласы әкімдігінің «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы:
«Теміртау қаласының 2024 жылға арналған бюджетінің орындалуы 101,5 пайызды құрады. Артық орындалған сома 500 миллион теңгеден асты. Дегенмен, берешек мәселесі әлі де бар, әсіресе корпоративтік табыс салығы бойынша. Біз бұл бағытта салық органдарымен бірлесіп шаралар қабылдап жатырмыз».

Шығыстар көлемі шамамен 37 миллиард теңгені құрады. Негізгі бағыттар — тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және әлеуметтік сала. Қаражаттың 98%-ы игерілді. Игерілмеген қаражат негізінен сатып алу жүйесі мен мердігерлік жұмыстардың мерзімінің ауыстырылуына байланысты. Билік өкілдері бюджет қаражатын тиімді пайдалану — басты міндет екенін атап өтті. Талқылау қорытындысы бойынша, 2024 жылғы бюджеттің орындалуы туралы есеп мәслихат депутаттарының назарына алынды.

Комментарии

Ответить

Вы должны войти, если хотите оставить комментарий.

Войти с помощью: