fbpx

Кішкентай достарға көмек


«Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің еріктілері тек адамдарға ғана емес, жануарларға да көмектеседі. Жастар «Пушистые лапки» атты жануарлар панасына арналған азық-түлік жинау акциясын жариялады.

«Шаңырақ» еріктілер орталығы қала тұрғындарына игі істерімен жақсы таныс. Бұл жолы жастар «Пушистые лапки» жануарлар панасына көмектеспек. Олар қала тұрғындарын жануарларға арналған азық жинау науқанына қатысуға шақырды.

Серикова Дильназ, «Шаңырақ» еріктілер орталығының жетекшісі:
«Шаңырақ» еріктілер орталығы «Пушистые лапки» панасымен бұрыннан бері серіктестік орнатып келеді. Осыған орай, біз азық-түлік жинау акциясын бірлесіп өткізуге шешім қабылдадық. Біз қаламыздың тұрғындарының бейжай қарамай, осы акцияға белсенді қатысады деп үміттенеміз».

«Пушистые лапки» жануарлар панасында тұратын жануарлар аз емес, алайда тұрақты қаржыландыру жоқ. Бейберекет жүрген жануарлардың баспанасы мен оларға қамқор болатын адамдар бар. Бірақ азық-түлік жетіспейді.

Серикова Дильназ, «Шаңырақ» еріктілер орталығының жетекшісі: «Біз азықты күн сайын сағат таңғы 10-нан кешкі 6-ға дейін Чайковский көшесі, 2/1 мекенжайындағы «Жастар орталығында» жинаймыз. Кейін барлық жиналған азықты «Пушистые лапки» панасына жеткіземіз».

Егер көрермендердің арасында қаңғыбас жануарлардың өмірін сәл де болса жақсартқысы келетіндер болса – азықты «Жастар үйіне» әкеле алады. Ал егер панахананың бір тұрғынына толыққанды бақыт сыйлап, оған сүйіспеншілікке толы өмір тарту еткіңіз келсе – панаханаға барып, өзіңіздің төрт аяқт досыңызды таба аласыз.

Комментарии

Ответить

Вы должны войти, если хотите оставить комментарий.

Войти с помощью: