Адал ойын
Теміртауда ерекше зияткерлік сайыс – «Адал ойын» өтті. Қатысушылар ойын түрінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы білімдерін сынап көрді. Шара мектеп оқушыларын, студенттер мен ересектерді біріктірді. Іс-шараны Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығы Теміртау қаласы әкімінің аппаратының тапсырысы бойынша ұйымдастырды.
Зияткерлік адалдық пен әділдік үшін күрес. Назарда тек викториналық сұрақтар ғана емес, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтар болды. Сайысқа 10 команда қатысты. Ойыншылардан бөлек, ондаған көрермендер де белсенді түрде қатысып, өз қолдауын білдірді.
Қарағанды облысы кәсіпкерлер қауымдастығының өкілі: «Бұл конкурстың негізгі мақсаты – қарапайым халық арасында жемқорлықпен күресуге күштерін жұмылдыру, оларды тарту, сонымен қатар жемқорлықпен күресу мәдениетін арттыру болып табылады».
Ұйымдастырушылардың айтуынша, сайыс тек сыбайлас жемқорлық тақырыбына назар аудартудың ғана емес, жастарды қоғамдық маңызды мәселелерге тартудың тиімді құралына айналды.
Рауан Таран, Теміртау қаласы әкімі аппаратының басшысы: 00.19 «Айта кетсек, бұл “Адал ойын” Теміртау қаласы әкімі аппаратының тапсырысы бойынша өткізілуде. Аталмыш ойынға көп үміткер ниет білдіріп, қатысуға қызығушылық танытты. Жалпы, 10 команда қатысты. Солардың арасынан бағалау комиссиясы жеңімпаздарды анықтады».
Ойын аяқталды, алайда қызығушылық әлі де сақталуда. Қатысушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар сыбайлас жемқорлық мәселесіне жаңа қырынан қарауға мүмкіндік береді. «Адал ойын» Теміртауда жақсы дәстүрге айналмақ. Ал әрбір қатысушы өзінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытуға қосқан үлесін қалдырады.
Комментарии