fbpx

Қауіпсіз жазғы демалыс


Соңғы қоңыраудан кейін оқушылар үшін жаз — демалыс пен серуеннің уақыты басталады. Демалыс кезеңі оқыс оқиғаларсыз өтуі үшін Теміртауда полиция қызметкерлері алдын алу шараларын күшейтті.

Бүгін, 23 мамыр күні, Теміртау мектептерінде соңғы қоңырау соғылды — бұл оқушылар үшін көптен күткен демалыс кезеңінің басталуы. Осыған байланысты полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейтуде.

Жазғы демалыс қарсаңында қаладағы барлық мектептерде оқушылар мен олардың ата-аналарына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Негізгі назар — жол қозғалысы ережелерін сақтауға аударылған..

Әсет Бұланбаев, қалалық ПБ ППБ батальонының командирі: «Осыған орай, балаларды және бүкіл ата-аналарды жолда абай болуға шақырамыз. Қазір жазғы демалыс уақыты, балалардың бәрі аулаларда, демалыс орындарында демалуда. Сол себепті ата-аналар балаларға ескерту жұмыстарын жүргізіп, жолда абай болуға шақыруларыңызды сұраймыз. Баршаңызды сақ болуға шақырамыз».

Қала аумағында мектептер мен балалар көп жиналатын орындарда жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау үшін полиция жасағы қойылған. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған жадынамалар таратылуда.

Комментарии

Ответить

Вы должны войти, если хотите оставить комментарий.

Войти с помощью: