Ақау салдарынан аударылған көлік
25 мамыр күні Теміртаудың ескі бөлігінде көлік апаты орын алды. Көлік аударылып, жолаушы ауруханаға жеткізілді. Толығырақ – келесі сюжетте.
Әлеуметтік желілерде Республика даңғылында болған жол-көлік оқиғасының видеосы кең тарап кетті. Куәгерлер түсірген кадрларда көліктің аударылып жатқаны анық көрінеді. Теміртау қалалық полиция басқармасының мәліметінше, көлікті 50 жастағы азамат жүргізген.
Оқиға 25 мамыр күні сағат 15:40 шамасында болған. Алдын ала ақпарат бойынша, апатқа көліктің шар тәрізді тірек бөлшегінің істен шығуы себеп болған. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, ағашқа соғылып, көлік бір жағына аударылып кеткен.
Апат салдарынан жолаушы зардап шегіп, медициналық мекемеге жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы тіркеуге алынып, қазір арнайы сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады, – деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Комментарии