fbpx

Шығармашылық зертхана


Теміртау қалалық балалар мен жасөспірімдер театрында халықаралық режиссура зертханасы өз жұмысын бастады. Қандай шығармашылық жобалар көрермендерді күтуде — келесі материалда.

Теміртаудағы балалар мен жасөспірімдер театрында халықаралық режиссерлік зертхана өз жұмысын бастады. Бір апта бойы Санкт-Петербургтен келген режиссерлер «Жасөспірімдер драматургиясы» тақырыбында спектакль эскиздерін сахналайды.

Павел Авдюков, «Prospect» балалар мен жасөспірімдер театрының директорының орынбасары: «Осы зертхана аясында театр труппасы режиссерлермен бірлесіп үш түрлі қойылым эскизін әзірлейді. Кейін осы үш жобаның ішінен көрермендермен бірге біз ең тартымдысын таңдаймыз. Келесі жылы бұл таңдалған эскиз Театр қайраткерлері одағының қолдауымен толыққанды спектакльге айналады. Сол қойылымды барлық теміртаулықтар көре алады. Айта кетейін, биылғы зертханамыздың тақырыбы – жасөспірімдерге арналған драматургия».

Алғашқы күні театр әртістерімен танысу және рөлдерді бөлу рәсімі өтті. Қазіргі таңда актерлер қызу дайындыққа кірісіп кетті. Алда – мазмұнға толы шығармашылық апта, қарқынды репетициялар және кәсіби тәжірибе алмасу күтіп тұр.

Константин Горин, Ресей Театр қайраткерлері одағының мүшесі: «Біз 20 жылдан астам уақыт бойы Ресей Федерациясынан тыс жерлердегі орыс театрларына мамандар жіберіп, режиссерлік зертханалар ұйымдастырып келеміз. Теміртау қалалық балалар мен жасөспірімдер театрымен осындай бірлескен жоба өткізу туралы келісіміміз бұрыннан бар болатын. Менің ойымша, теміртаулық көрермендер үшін бұл жобалар қызықты болмақ».

Зертхана қорытындысы бойынша сарапшылар кеңесі үздік жобаны таңдап, келешекте дәл осы эскиз болашақ спектакльге негіз болады.

 

Комментарии

Ответить

Вы должны войти, если хотите оставить комментарий.

Войти с помощью: