fbpx

Жас әрі белсенді


Теміртауда оқу озаттары мен қоғамдық өмірде белсенділік танытқан мектеп және колледж түлектері марапатталды. Қаладағы «Жастар орталығында» өткен салтанатты шарада өз еңбегімен ерекшеленген жастар лайықты алғыс хаттарға ие болды.

«Жастар орталығында» мектеп пен колледж түлектерін марапаттауға арналған салтанатты жиын өтті. Оқу мен қоғамдық жұмыстарда белсенділік көрсеткен жастарға алғыс хаттар табысталды. Жыл бойы түрлі әлеуметтік жобаларға қатысып, оқушылар мен студенттердің өміріне үлес қосқан жастар осылайша еленді.

Лунара Шнарова, белсенді: «Осы іс-шара жоғары деңгейде өтті. Жастар ресурстық орталығына және қала әкімдігіне үлкен алғысымды білдіремін».

Бұл бастаманың негізгі мақсаты – жастардың еңбегін мойындау, болашаққа деген сенімін арттыру. Ұйымдастырушылардың айтуынша, белсенді жастарды қолдау – қаланың әрі тұтастай қоғамның дамуына қосылған үлкен үлес.

Руслан Кожекенов, «Теміртау қаласының Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры: «Бұл жастар тек оқумен ғана емес, қоғамдық, шығармашылық және волонтерлік істермен де ерекшеленді. Біз олармен мақтанамыз және болашақтарының жарқын боларына сенеміз. Олар — қаламыздың және еліміздің үміті деп ойлаймыз».

Теміртаулық жастар талай рет өз идеяларын іске асырып, қатарластарына үлгі бола алатынын дәлелдеді. Мұндай шаралар – айналасындағы өмірді жақсы жаққа өзгертіп жүрген жастарға алғыс білдірудің тамаша тәсілі.

Комментарии

Ответить

Вы должны войти, если хотите оставить комментарий.

Войти с помощью: