fbpx

Қызылға өтті


Біздің редакцияға қала тұрғыны хабарласып, жол ережесін өрескел бұзу фактісінің видеосын жолдады. Видеотіркегішке жазылған кадрларда жүргізушінің қызыл жарыққа тоқтамай, қатты жылдамдықпен қиылыстан өткен сәті анық көрінеді. Полиция бұл жағдайға қандай баға берді — келесі материалда.

«Теміртау жаңалықтары» редакциясына қала тұрғыны хабарласып, өзінің бейнетіркегішінен алынған видеоны ұсынды. Кадрларда көлік жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан, үлкен жылдамдықпен қиылыстан өтіп кеткені анық байқалады. Жол-көлік ережесінің бұл өрескел бұзушылығы 2025 жылдың 24 мамырында таңғы сағат 07:39 шамасында тіркелген.

Аталған жағдайға байланысты қандай шаралар қабылданатынын білу мақсатында біз Қарағанды облыстық полиция департаментінен ресми түсініктеме сұрадық. Ведомство өкілдері бұл ақпарат назарға алынғанын және тиісті бөлімшелерге жолданғанын хабарлады.

Полиция қызметкерлері осындай құқық бұзушылықтарды анықтаған жағдайда азаматтардан 102 нөміріне дереу хабарласуды сұрайды. Алайда, заң бұзған жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін нақты және бұлтартпас дәлелдер қажет. Видеожазбада немесе фотода күні мен уақыты нақты көрсетіліп, мемлекеттік нөмір айқын көрінуі тиіс. Сонымен қатар, бұл мәліметтер құрылғы арқылы автоматты түрде қойылуы керек. Фоторедактормен салынған уақыт пен дата дәлел ретінде қабылданбайды.

Комментарии

Ответить

Вы должны войти, если хотите оставить комментарий.

Войти с помощью: