fbpx

Бірінші маусым аяқталды!


«Жасыл Ел» еңбек жасақтарының бірінші маусымы аяқталды. Сарбаздар жұмыс қорытындыларымен бөлісті.

«Жасыл Ел» еңбек жасақтарының бірінші маусымы нәтижесінде 25 мекенжай бойынша аулалар ретке келтірілді. Аумақтар қоқыстан және құрғақ бұтақтардан тазартылды. Өткен айда жұмыстарға 43 сарбаз тартылды.

Мирас Яуда, «Жасыл ел» жобасының бас үйлестірушісі: «Әр апта сайын біз сарбаздарымызға арнап оқыту тренингтері, шеберлік сағаттары мен диалогтық алаңдар өткіземіз. Мамыр-маусым айларында оқу орындары ұсынған және көпбалалы отбасылар мен аз қамтылғандар қатарындағы квотаға тіркелген 43 сарбазымыз қатысуда».

Қоқыс жинаудан бөлек, жастар қаланы көгалдандырумен де айналысады.

Мирас Яуда, «Жасыл ел» жобасының бас үйлестірушісі: «Дәл сол сияқты, апта сайын 2023–2025 жылдары отырғызылған көшеттерге су құю жұмыстары жүргізіліп тұрады. «Жасыл ел» — бұл тек күнделікті тазалық пен көгалдандыру ғана емес, сонымен қатар білім беру мен даму алаңы».

Жобаға қатысушы жастар үшін «Жасыл Ел» – бұл еңбекпен қатар, өмірлік маңызы бар тәжірибе алаңы. Олар мұнда табиғатты аялауға үйреніп, қоғамға пайдалы болудың мәнін түсіне бастайды.

Абылайхан Садуахасов, «Жасыл ел» жасағының жауынгері ««Жасыл ел» жауынгері болу — мен үшін табиғатты қорғауға өз үлесімді қосу және қоршаған ортаға, табиғатқа деген жауапкершілікті сезіну болып табылады».

Жастар бұл еңбек маусымы олардың жүрегінде мәңгі сақталатынын айтады.

 

 

Комментарии

Ответить

Вы должны войти, если хотите оставить комментарий.

Войти с помощью: