fbpx

Ереже бұзушы жауапқа тартылды


Теміртауда жүргізушінің қызыл жарыққа өтіп кеткені туралы сюжет эфирге шыққан соң, редакциямен Полиция басқармасының қызметкерлері хабарласты. Оқиғаның жалғасы — келесі репортажда.

Кеше, 29 мамырда, жаңалықтар эфирінде жол ережесін өрескел бұзып, бағдаршамның қызыл шамына өтіп кеткен жүргізушіні полиция іздеп жатқанын хабарлаған едік. Сюжет шыққаннан кейін жарты сағат өтпей жатып, редакция телефоны шырылдады. Хабарласқан — Теміртау қалалық Полиция басқармасы. Құқық бұзушылық тәртіп сақшыларының назарынан тыс қалмады. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Асхат Аханов, Теміртау қаласының ПБ ППБ взвод командирі: «Жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде, аталған құқықбұзушылықты жасаған 2001 жылы туған жүргізуші анықталып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 599-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік құралы арнайы тұраққа қойылды».

Егер сіз жол ережесінің бұзылғанына куә болсаңыз, 102 нөміріне дереу хабарласуыңызды сұраймыз.

 

Комментарии

Ответить

Вы должны войти, если хотите оставить комментарий.

Войти с помощью: