fbpx

Жеке куәлік — енді онлайн!


Енді қазақстандықтар жеке куәлікті онлайн рәсімдей алады. Үйден шықпай-ақ, бар болғаны бірнеше қадам арқылы — қалай рәсімдеуге болатынын келесі бейнематериалдан білесіздер.

Бүгіннен бастап қазақстандықтар жеке куәлікті толықтай онлайн рәсімдей алады. Елде құжатты үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік беретін пилоттық жоба басталды. Ол үшін тек интернетке қолжетімділік, электрондық цифрлық қолтаңба және фото қажет.

Азаматтар өтінішті eGov порталы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы бере алады. Қызмет құжатының мерзімі аяқталуға 30 күн немесе одан аз уақыт қалған азаматтарға, сондай-ақ мерзімі 10 күннен аспайтын уақыт бұрын өткен жеке куәлік иелеріне қолжетімді.

Өтініш беріп, фотосурет пен қолтаңбаны жүктегеннен кейін, жүйе берілген деректердің дұрыстығын тексереді. Егер бәрі дұрыс болса – мемлекеттік баж салығын төлеу ғана қалады. Дайын құжатты тіркеу бөлімінен алуға болады.

Жоба пилоттық режимде 2026 жылдың 31 наурызына дейін жұмыс істейді. Қосымша ақпарат пен қызметке қолжетімділік – электрондық үкіметтің ресми порталында: egov.kz

Комментарии

Ответить

Вы должны войти, если хотите оставить комментарий.

Войти с помощью: