Ескі қаланың балаларына арналған мереке
Балаларды қорғау күнін Ескі қала саябағында қалай атап өтті — толығырақ келесі бейне материалда.
Ескі қала саябағы Балаларды қорғау күнінде шаттық орталығына айналды. Мереке аниматорлар мен үлкен кейіпкерлер шеруінен басталды. Сахнада қаламыздың шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.
Амангүл Тәкіжанова, мәдени ұйымдастырушы: «Бүгінгі күн — өміріміздің мәні болған балалардың мерекесі. Осыған орай, олардың көңіл күйін көтеру үшін Шығыс саябағы мен Ескі қала саябағында балаларға арналған түрлі концерттер мен ойындар өткізіліп жатыр. Сонымен қатар, балаларға 300 балмұздақ тараттық».
Мерекелік бағдарлама аясында концерттік қойылымдар, көңілді ойындар, түрлі флешмобтар мен бояу шашу шаралары ұйымдастырылды. Балалар шаттығы мен күлкісі жазғы маусымның жарқын басталуын айқындады.
Комментарии