fbpx

Балалық пен спорт мерекесі


Теміртауда Балаларды қорғау күні кең ауқымда атап өтілді. Спорттық мереке жүздеген жас спортшыларды, олардың ата-аналарын және қала қонақтарын біріктірді. Мемлекеттік Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және «Тау» спорт клубы ашық есік күнін ұйымдастырды.

Теміртауда Балаларды қорғау күніне орай ауқымды мереке өтті. Орталық іс-шаралардың бірі — ашық есік күні болды. Бұл күнді Мемлекеттік Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен «Тау» спорт клубы бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шараға шамамен 700 қатысушы жиналды — бұл спорт мектептерінің тәрбиеленушілері, олардың жаттықтырушылары, ата-аналар және көптеген қонақтар.

Ольга Бирюк, Теміртау қ. МОРБЖМ оқу-спорт бөлімінің меңгерушісі: «Бүгінгі акциямыздың басты мақсаты — балаларымызды осы тамаша мерекемен құттықтау. Себебі балалық шақ — бұл ұмытылмас кезең. Біз бәріміз бала болдық, және бұл ең керемет уақыт екенін жақсы түсінеміз. Әрине, балалармен тікелей жұмыс істейтін мектеп ретінде біз бұл халықаралық мерекеге қатыспай қала алмадық».

Мерекенің мақсаты тек құттықтау ғана емес, сонымен қатар жас спортшылардың жетістіктерін көрсету болды. Көрермендер жарқын қойылымдарды, жарыс элементтерін тамашалап, қаламыздың спорт мектептерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

 

 

Комментарии

Ответить

Вы должны войти, если хотите оставить комментарий.

Войти с помощью: