Қазақстандықтар Құрбан айт мерекесінде қалай демалады


2025 жылдың маусым айында елімізде тағы бір қосымша демалыс күні болады. 6 маусым, жұма күні — Құрбан айт мерекесіне байланысты қазақстандықтар үшін жұмыс күні болып есептелмейді. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ресми түрде хабарлады.

Құрбан айт — діни мейрам болғанымен, ол мемлекеттік мереке қатарына кірмейді. Сондықтан бұл күні демалыс берілсе де, әдеттегі мемлекеттік мерекелердегідей демалыс күндерін ауыстыру қарастырылмайды.

Сондай-ақ министрлік маусым айында басқа демалыс күндерін ауыстыру жоспарланбағанын да нақтылап өтті.